Судандағы тайпалар соғысында жүздеген адам қаза тапты
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Суданның оңтүстігінде тайпааралық қарулы қақтығыстардың салдарынан жүзден астам адам қаза тапты.
Әскерилердің өкілдерінің хабарлауынша, Нуер тайпасының жасақтары осыдан бірер күн бұрын Док Бадиет деревясындағы әкімшілік ғимаратына шабуыл жасаған. Дерек көздердің нақтылауынша, елді мекенде Нуер тайпасына жау тайпа тұратын болған, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
2009 жылдың басынан бері Суданда тайпааралық қақтығыстардың салдарынан 2 мыңнан астам адам құрбан болған.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық қылмыстық сот Судан президенті Омар әл-Баширды тұтқынға алуға ордер бергеннен кейін, ол елдің өкіметі Дарфурдан 13 халықаралық гуманитарлық ұйымның қуылуы туралы өкім шығарған болатын. Олардың қатарында «Дәрігерлерге шекара жоқ» ұйымының голландық және француздық бөлімшелері бар.
Судан президенті Дарфур провинциясындағы әскери және адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыпталуда. Халықаралық сот өкілдерінің айтуынша, бұл Судан үкіметінің ең жоғары деңгейінде жасалған зорлық-зомбылықтың біртұтас жоспарының салдары болып табылады, дегенмен геноцидтің айғағы жоқ.