Судың жетіспеушілігі Таяу Шығыс экономикасына ауыр соққы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің сарапшылары Таяу Шығыс елдерінің ЖІӨ 2050 жылға қарай судың жетіспеушілігі салдарынан 14-тен астам пайызға қысқаратыны туралы қорытынды жасап отыр.

Судың жетіспеушілігі Таяу Шығыс экономикасына ауыр соққы болады

Сарапшылар ұсынған баяндамада ауызсу тапшылығы сондай-ақ АҚШ пен Батыс Еуропада да өсетіні, бірақ ол экономикаға айтарлықтай кері әсерін тигізе қоймайтыны хабарланып отыр. Судың жетіспеушілігі Үндістан мен Қытайда ЖІӨ өсімін баяулата алатыны атап өтіледі.

Қазіргі кезде Жер бетіндегі 1,6 миллиард адам ауыз су жетіспеушілігіне тап болып отыр. 2016 жылдың сәуір айының соңында 175 мемлекет парниктік газдарды шығаруды қысқартуды қарастыратын келісушілікке қол қойды. Ғалымдар бұл жаһандық жылыну қарқынын баяулата алады деп есептейді.