Суға батқан адамды көргенде не істеу керек – маман кеңесі

АСТАНА. ҚазАқпарат –Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов әкімдіктің баспасөз мәслихатында суға батқан адамды көрген жағдайда не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суға батқан адамды көргенде не істеу керек – маман кеңесі

«Суға батып бара жатқан адамды көрген жағдайда ең бірінші «112» телефонына хабарлау керек. Хабарлай тұра сол жердің мекенжайын, адам суға батқан нүктені барынша нақты атау керек», - деді ол.

Маманның айтуынша, судағы адамға көмекке ұмтылмай тұрып маңайдағы адамдардың назарын аударып, оқиға орнына шақыру маңызды.

«Екіншіден, жан-жақтағы адамдарды дауыстап шақырып, көмек ұйымдастыруға талпыныс жасау қажет», - дейді Азамат Құсайынов.

Айта кетейік, биыл Астана аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленіп отыр. Ол орындардың мекенжайын 2ГИС пталформасы арқылы табуға болады.