08:23, 05 Тамыз 2015 | GMT +5
Суға батқан кемеден табылған көне қазына бүгін Нью-Йоркте бәссаудаға шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - XVII ғасырда суға батқан испандық кемеден табылған алтын кубок, зүбаржатпен безендірілген крест және алтын құймасы 5 тамызда Нью-Йоркте аукционға қойылады, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Сауданы ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, барлығы 40-қа жуық зат, соның ішінде 100 сирек кездесетін күміс монетасы сатылады. Лоттың жалпы құны $1,5 миллионнан $2 миллионға дейін. Артефактарды қазына іздеуші америкалық Мел Фишер 1622 жылы Флорида жағалауының маңында суға батқан "Нуэстра Сеньора де Аточа" галеонынан тапты. Кеме 1985 жылы табылған еді. Су түбінен шығарылған қазынаның жалпы құны $540 миллионнан асты.