Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Суға батып бара жатқан босқынды туристер видеоға түсіріп, келеке қылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Венецияның Үлкен каналында гамбиялық босқын туристердің көзінше суға батып кетті.

Суға батып бара жатқан босқынды туристер видеоға түсіріп, келеке қылды

Туристер көмек көрсетудің орнына, болған жайтты смартфонға түсіріп тұрған. Тергеу жұмыстары басталды, деп жазды Independent.

Басылымның хабарлауынша, 22 жастағы гамбиялық Патех Сабалли арна ортасында өмір үшін жанталасқан. Ал куәгерлер оны видеоға түсіріп тұрған және нәсілшілдік сөздер айтып, келеке қылған. Видеолардың бірінде «Дұрыс, үйіңе қайт!» деген сөздерді естуге болады, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Сабаллиге үш құтқару шеңбері лақтырылған, бірақ ол оның біріне де жете алмады. Бақылап тұрғандардың ешбірі суға секіріп, адамды құтқаруға әрекеттенбеді. Салдарынан Сабалли ажал құшты.

«Мен ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ оны құтқарып қалуға болар еді», - деді италиялық құтқарушылар қауымдастығының жергілікті басшысы Дино Бассо.