Суға кеткен 8 адамның, оның ішінде 6 баланың мәйіттері табылды

АСТАНА. 4 шілде. қазАқпарат - Суға кеткен 8 адамның, оның ішінде 6 баланың мәйіттері табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Суға кеткен 8 адамның, оның ішінде 6 баланың мәйіттері табылды

Алматының Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалындағы үлкен Алматы өзенінде «Шалкөде» дәмханасының аумағында 3 шілдеде сағат 16.25-те тау өзеніне 4 жасар бала құлап, батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Оның мәйіті сол жерде демалып жатқан адамдармен сағат 18.44-те судан шығарылды. Жедел-іздестіру жұмысына ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 4 адамы, «РОСО» ММ-нің 4 адамы, ҚР ТЖМ «Қазауылқорғау» ММ-нің 4 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Қапшағай қаласында, «Романтика» демалыс орнында кеше сағат 18.30-да 4 жасар қыз бала абайсызда Қапшағай су қоймасына батып кетті. Оның мәйіті қыздың ата-анасымен судан шығарылды.

Алматы облысының Қарасай ауданында Алма-Арасан өзеніне 3 шілде күні сағат 15.10-да 4 жасар ұл бала ағып кетті. Оның мәйіті баланың ата-анасымен судан шығарылды.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Бірлік елді мекенінде 3 шілде күні сағат 18.40-та Сырдария өзеніне шомылу кезінде 7 және 8 жастағы екі бала батып кетті. ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) олардың мәйіттері іздестірілуде.

Қостанай облысының Жетіқара қаласында, Шортанды ауданыдағы Төменгі бөгет маңында сағат 17.30-да суға түскен 43 жастағы ер адам ажал құшты. Оның мәйіті жергілікті тұрғындармен жағаға шығарылды.

Қызылорда қаласының Арай шағынауданында, Сырдария өзеніне кешке сағат 09.16-да шомылып жүрген 35 жастағы ер адам батып кетті. ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) сағат 10.30-да ер адамның мәйіті судан шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 1 шілде күні сағат 19.00-де Ханым су қоймасына шомылу кезінде 8 жасар бала батып кетті. ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (7 адам мен 1 техника) 3 шілдеде сағат 14.30-да ер адамның мәйіті судан шығарылды.