Суға кеткен адамдардың 70%-ы суға түсер алдында алкогольді ішімдіктерді пайдаланған

«Былтыр 15 адам суға кетсе, оның екеуі саяжай аумағында, өзен бетіне мұз енді қата бастаған кезде суға батқан екен. Олардың бірі - кішкентай бала. 32 адам тосын келген ажалдан құтқарылған. 2011 жылы 14 адам қазасы тіркелген. Суға бату оқиғаларының біршама тұрақталғанын атап өтуге болады. 2010 жылға қарағанда, 2012 жылы судағы апатты жағдай 5-6 адамға қысқарған», - деп түсіндіріп өтті Г. Саврук.
Оның айтуынша, көп жағдайда адамдар суға мас күйінде түскендіктен батып кетіп жатады. «Суға кету жағдайларының 70 %-ға жуығы адамдардың суға түсер алдында алкогольді ішімдіктерді пайдаланғандықтан орын алады. Ал 98 %-дан астамы демалуға рұқсат берілмеген жерлерде шомылу, таныс емес жерлерде сүңгу салдарынан», - деп хабарлады Г. Саврук.
Атап өтерлік жайт, жаздың ыстық күндері астаналық саябақтағы жағажайға келушілер саны орташа есеппен 1500-ден 2000-ға дейін жетеді екен. 2012 жылдың жазғы маусымында Нұра-Есіл каналында 2 адамның қайтыс болуы тіркелген.