Суға кеткен адамның денесі табылды - Павлодар облысы

- Ер адамның денесі 12 тамызда сағат 13-41-де Павлодарское ауылында Ертіс өзенінің сағасынан табылып, жедел атқару жасағының күшімен судан шығарылды, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кеткен.
Қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған жерлерде орын алды.
8 тамыз күні сағат 17: 20-да Шаукен ауылының маңындағы сорғы станциясының жанында шомылу кезінде Ефремовка ауылының 30 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Тағы бір келеңсіз жағдай Май ауданында орын алды. Мұнда 7 тамыз күні Белая өзенінде Баскөл ауылында 44 жастағы Ақсу тұрғыны суға ағып кеткен. Сол күні Шарбақты ауданында Шалдай ауылының жанындағы жасанды су қоймасында 42 жастағы ауыл тұрғыны ажал құшты.