Суға кеткен екі жасар баланың денесін құтқарушылар бір сағаттан кейін барып тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай су қоймасына кеше күндіз суға түсу кезінде 14 жастағы қыз батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында Сырдария өзеніне түсу кезінде 2 жасар бала батып кетті. Оның денесі бір сағаттан кейін ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД суда құтқару қызметі мамандарының күшімен шығарылды (6 адам және 1 техника).
Қайғылы оқиға, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Зевакино ауылында және Ақтау қаласында да орын алды, суға түсу кезінде екі ер адам суға батып кеткен.