Суға түсу маусымында адам өмірін қорғаудың кешенді шаралары қарастырылуда

Алдағы суға түсу маусымына орай Төтенше жағдайлар министрлігі суда адамдар өмірін қорғаудың алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың кең ауқымды қызметтерін қарастырады. Бұл туралы бүгін аталған ведомствода өткен брифинг барысында ресми өкіл Любовь Шапошникова мәлім етті.
«Алдағы маусымға орай, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында су нысандарында жүзу, шағын кемелерді пайдалану, адамдар өмірі мен қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі мәселелері бойынша азаматтарға, кеме жүргізушілеріне және шағын кеме иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қоса, суға түсу маусымында ведомстволық құтқару постының дайындығы мен жабдықталуы, сүңгуірлердің су астын тексеруі, ескерту белгілерін қою мәселелеріне қатысты шаралар жүзеге асады. Бұдан бөлек, ІІД, балық инспекциясы және суда құтқару қызметінің қызметкерлері су нысандарында бірлескен рейдтер ұйымдастыратын болады», - дейді ТЖМ ресми өкілі Л. Шапошникова.
Оның айтуынша, еліміздегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, суда құтқару және сүңгу-іздеу жұмыстары бойынша республика аумағында 57 суда құтқару стансасы, 22 құтқару посты, 7 маневрлі-іздеу тобы және 13 суда құтқару қызметінің апаттық-құтқарушы сүңгуірлер жасағы, жалпы штаттық саны 911 бірліктегі құтқарушылар қызмет ететін болады.