Сухумда Абхазия Ішкі істер министрінің орынбасарын атып кетті

СУХУМ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Сухумда Абхазияның Ішкі істер министрінің орынбасары Закан Джугелияны атып кетті.

Сухумда   Абхазия Ішкі істер министрінің  орынбасарын  атып  кетті
Республика үкіметінен хабарлағанындай, белгісіз қылмыскерлер оны қаладағы дәмханалардың бірінде атып өлтірген. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, қылмыстың мән-жайы анықталуда. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қылмыс З.Джугелияның жұмысымен байланысты болуы мүмкін ? ол аса ауыр қылмыстарды ашу жұмыстарын үйлестірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.