Суицид жасаған 5 адамның үшеуі қыз, біреуі қаза тапты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Небәрі үш күннің ішінде Ош қаласында бес адам суицид жасаған, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Суицид жасаған 5 адамның үшеуі қыз, біреуі қаза тапты

Ош ІІБ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бәрінің де мұндай әрекетке баруына бір ғана:  отбасындағы және достары  арасындағы түсініспеушілік себеп болған.

Атап айтқанда, 15 шілдеде Кулатов көшесінде 16 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп кеткен. Ол ауыр халде ауруханада жатыр.

Сол күні 25 жасар бойжеткен  димедрол ішкен, оны дәрігерлер ажалдан арашалап қалды.

Сондай-ақ, Манас-Ата шағынауданында  түрлі дәрілерді жұтып, өзін-өзі өлтірмекке әрекеттенген 21 жасар қызды дәрігерлер  құтқарды.

Ал Оштың орталығында 21 жасар қыз аспириннің 20 таблеткасын қабылдаған. Дәрігерлер оны да ажалдан аман алып қалды.