Суицид жасаған Қостанай стансасы бастығының адвокаты сот алдында жауап берді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай стансасының бастығы Бауыржан Танкеевтің өзін-өзі қол жұмсауына себепкер болғандар сотталады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
None
None

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қостанай қалалық №2 сотына Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің офицері Сұңқар Қозбақов пен Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Мұхамеджановқа қатысты екі қылмыстық іс келіп түскен.

43 жастағы Қозбақов ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы 1,2-тармақшалары (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сот алдында жауап береді.

Мұхамеджановқа ҚР ҚК 368-бабының 1-тармағы, 190-бабының 3-тармағы, 367-бабының 2-тармағы, 28-бабының 4-тармағы (Парақорлыққа делдал болу, алаяқтық, пара беру, басқа адамды азғыру, параға сатып алу) бойынша айып тағылуда.

Бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 9 ақпанында адвокат өзінің клиентіне соңғы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін Қостанай облыстық МКД ЭТК қызметкеріне ол арқылы 5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаржы беру керектігін хабарлаған. Сонымен қатар, адвокат МКД қызметкеріне пара ретінде тек 3 млн теңге бермекші болған, ал қалған қаржыны өзі жымқырғысы келген.

Бірнеше күн өткеннен кейін Танкеев өзінің үйінде асылып қалды. Ол өлім алдындағы хатында сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерлерін қысым жасағаны үшін айыптаған. Ол тергеу жүргізген қызметкерлер тарапынан қысым көрсету арқылы түсінік бергенін айтып, өз сөздері мен түсінігінен бас тартатынын жазып кеткен.  

Соңғы жаңалықтар