Суицидке итермелейтін ойынға семейлік студент қыздар елітіп кете жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейдегі колледждердің бірінде білім алатын екі студент қыз суицидке итермелейтін «Киттердің үйі» атты ойынға елітіп кете жаздады.
Оларға қалалық прокуратурадан дер уақытында құқыққорғаушылар хабарласып, соның арқасында 16 және 17 жастағы бойжеткендер ойындағы тапсырмаларды орындауға үлгерген жоқ.
Қадағалаушы орган әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан аталмыш ойын қауымдастықтарын бұғаттауды жопарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық прокуратура қызметкерлері «Вконтакте» желісіндегі «Типичный Семск» қауымдастығынан күдікті фотоны байқап қалады. Онда көк киттің аспанда қалықтап бара жатқаны бейнеленген. Оның астына бойжеткен қыздар жағымды пікірлер қалдырған. Кейін анықталғанындай, олар «өлім топтарында» мүшелік еткен, алайда өлімге жетелейтін тапсырманы орындауға үлгерген жоқ. Прокуратурада хабарлағанындай, олармен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Екі қыз да Семейдің бақуатты отбасыларынан шыққан, бірақ екеуінде де әке жоқ.