Суицидке итермелейді: АҚШ пен Канада тұрғындары OpenAI өніміне шағымданды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ пен Канададағы отбасылар Калифорния штатының соттарына танымал ChatGPT чат-ботын әзірлеуші OpenAI-ді суицидке итермеледі деп айыптап, компанияға қарсы жеті талап арыз берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

OpenAI получила семь исков из-за суицида пользователей ChatGPT
Фото: АЗЕРТАДЖ

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, сот өтініштеріне сәйкес, төрт адам, оның ішінде Джорджиядан 17 жастағы және Техастан 23 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған, ал тағы үшеуі ChatGPT-мен өзара әрекеттесу салдарынан ауыр психологиялық жарақат алған. Талапкерлер «чат-ботпен ұзақ уақыт бойы сөйлескеннен кейін адамдар кейде өз-өзіне қол салуға әкеп соқтырған сандырақ күйге түсетініне сендіріп отыр. Олар өтемақы төлеуді, сондай-ақ әңгімелесуді автоматты түрде тоқтатуды қамтитын ChatGPT-ке түзетулер енгізуді талап етті.

OpenAI бұл жағдайды «сұмдық» деп атады. Компания өкілдері егжей-тегжейін түсіну үшін тиісті құжаттарды зерттеп жатқанын мәлімдеді. OpenAI қазан айында чат-ботқа өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Бұл өзгерістер психикалық денсаулық мәселелерін жақсырақ тануға және оларға жауап беруге, сондай-ақ адамдарды нақты көмекке бағыттауға мүмкіндік береді.

- Біз ChatGPT-тің ерекше ұқыптылықты қажет ететін мәселелерге жауабын жақсартуды жалғастырамыз, - деп сендірді компания өкілдері.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынды.

Осыған дейін АҚШ-та ChatGPT жасанды интеллекті бұрынғы Yahoo қызметкерін анасын өлтіріп, артынша өзін-өзі өлтіруге итермелеген болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Бұған дейін АҚШ-та бір жасөспірім ChatGPT-мен өз-өзіне қол жұмсау туралы бірнеше ай сөйлескеннен кейін суицид жасаған. Кейін оның ата-анасы OpenAI мен компанияның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сотқа арыз берген.

Сондай-ақ ChatGPT-мен жазысуды сотта пайдалануға болатынын хабарладық.

Маманның пікірінше, ChatGPT-ден алынған ақпаратқа толық сенбеу керек.

 

Соңғы жаңалықтар