Сұлтан Зәуірбек нокауттан кейін бірден 93 сатыға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбектің (7-0, 5 КО) Boxrec.com беделді сайтындағы рейтингі айтарлықтай жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сұлтан Зәуірбек нокауттан кейін бірден 93 сатыға көтерілді

Уэльс астанасы Кардифте никарагуалық Серхио Гонсалесті (10-16-5, 7 КО) нокаутпен жеңген соң, Зәуірбек бірден 93 саты жоғарылап, 280-орынға шықты. Ол қарсыласын жекпе-жектің аяқталуына 16 секунд қалғанда техникалық нокаутқа жіберген болатын.

Еске салайық, Зәуірбек келесі айқасын 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді. Қазақстандық жас боксшының мүддесіне MTK Global белгілі промоутерлік компаниясы өкілдік етеді.

22 жастағы боксшы алтыншы жекпе-жегін БАӘ-де қытайлық Чен Хунтаоге (7-5-1, 5КО) қарсы өткізіп, бесінші раундта оны нокаутқа түсірді. Айта кетейік, С.Зәуірбек оның алдында өткен бесінші кездесуін де нокаутпен аяқтаған болатын.