Сұлтан Заурбек Англияда колумбиялық боксшыны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (17-0, 2КО) кәсіпқой рингтегі он жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Сұлтан Заурбек Англияда колумбиялық боксшыны жеңді
Фото: Видеодан кадр/Qazsport

«Qazsport» телеарнасы хабарлағандай, отандасымыз бұл жолы Англияда колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11) жұдырықтасқан.

Екінші жеңіл салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Нәтижесінде төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық бокшы жеңіске жетті.

Осылайша Телфордтағы (Англия) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар