Сұлукен Рахмадиева - «Еңбегі сіңген өнертапқыш» атағын иеленген тұңғыш әйел

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - «Шабыт» шығармашылық сарайында «Шапағат» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнертапқыш» атағы Сұлукен Рахмадиеваға берілді.
None
None

Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ұлттық зияткерлік меншік институты түрлі жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың өкілдерінен құралған 200 үміткер арасында 6 адамды жеңімпаз ретінде таныған.

10-шы мерейтойлық «Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша марапаттау салтанаты VI АЭФ «Зияткерлік меншікті ғаламтор жүйесінде қорғау: проблемалары мен болашағы» панельді сессиясы жұмысының аясында өтті.

Еліміздегі тұңғыш өнертапқыш әйел химия ғылымдарының докторы, профессор Сұлукен Рахмадиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті биорганикалық химия ғылыми-зерттеу зертханасының директоры қызметін атқаруда. Ол 250-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, ҚР-дің 32 патентін және КСРО авторлық куәліктерінің, тауар белгісі куәліктерінің, жаңа дәрі-дәрмектердің тіркеу куәліктерінің, өндірістегі өнеркәсіптік регламенттердің иегері.

Соңғы жаңалықтар