Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Сұлулық ханшайымы» Гондураста із-түссіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гондурастық модель және Санта-Барбара департаментіндегі сұлулық байқауының жеңімпазы Карина Андино 29 шілдеде өз үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

«Сұлулық ханшайымы» Гондураста із-түссіз жоғалып кетті

Туыстарының айтуынша, 18 жастағы Андино жаңа жұмыс бабымен сөйлесу үшін кездесуге кеткен, соңғы рет оны Тринидад муниципиясында көрген.

2014 жылы «Гондурас ханшайымы» Мария Хосе Альварадоның қатігездікпен өлтірілуі Гондурасты және бүкіл әлемді есеңгіреткен еді.

Он тоғыз жастағы Альварадо 2014 жылдың сәуірінде «Гондурас ханшайымы» атанған. Сол жылы қараша айында әпкесі екеуі ажал құшты. Оның әпкесінің жігіті бар кінәні мойнына алды.

Гондурастағы зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейі әлем бойынша жоғарғы орында тұр. БҰҰ есірткімен және қылмыспен күрес басқармасы Гондурастың 100 мың халқына 90,4 кісі өлтіруден келетінін айтты. Оның үстіне, кісі өлтірудің  70%-ының есірткі саудасына қатысы бар.