Сума Чакабарти: Мемлекет пен азаматтар арасындағы әлеуметтік «келісімшартты» өзгертетін кез келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа әлеуметтік кодекс қазақстандықтардың жеке қабілеттеріне сүйеніп, өз бетімен өмір сүруге дағдыландыру керек. ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти «Ұлт мүддесі» бағдарламасында осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарапайым тілмей айтсақ, макроэкономикалық саясаттың жаңа тәсілдерін әзірлей отырып, қарапайым адамдардың өмірін қалай жақсартуға, адамдардың қажеттіліктеріне жауап беретін банк жүйесін қалай құруға болады деген сауалдарға жауап іздейміз. Қазір банк жүйесі ұзақ мерзімге несие бере алмайды. Несиелердің мерзімі тым қысқа. Әңгіме ұзақ мерзімді инвестициялар туралы болып отыр. Қазақстан банктері бұл мәселеде қауқарсыз. Өкінішке қарай, банк секторында жұмыс істемей тұрған, құны жоқ активтер өте көп. Банк жүйесін тазарту керек, сонда ол адамдарға қажетінше қызмет көрсететін болады», - деді Сэр Сума Чакрабарти.
Оның айтуынша, экономиканың қарқынның өсуі де қажет.
«Бүгінде еңбек нарығында жастар үлесі артуда. Біз өсуді құру үшін жұмыс істейміз. Әлеуметтік салаға келсек, мұнда да өзгеріс керек. Соңғы 30 жылда көптеген жаңа нарықтарда Үкіметтің адамдардың жеке өміріндегі рөлі жоғары болды. Мемлекет пен азаматтар арасындағы әлеуметтік келісімшартты өзгерту керек. Мемлекет бұдан әрі бұлайша өмір сүре алмайды. Әйтпесе, оған салықтарды ұдайы арттырып отыруға тура келеді. Бұлай болмағаны абзал. Ескіше ойлау жүйесінің кесірінен адамдар өздері үшін шешім қабылдағысы келмейді. Адам қамын жасайтын мемлекет бар дейтін түсінік сіңіп қалған. Бұл жауапкершілік әркімнің өз иығына ауысуы керек. Қазір біз жаңа Әлеуметтік кодекс пен Зейнетақы кодексін жасап жатырмыз. Бұл адамдардың жеке қабілеттерін ашып, оларға көбірек еркіндік беруі керек. Қазір Үкіметтің әлеуметтік саясатынан тыс жатқан адам жоқтың қасы. Бұл өте күрделі және адамдармен қарым-қатынасы соншалықты күрделі: көптеген ауыр процедуралар. Біз осы ахуалды тепе-теңдікке келтіріп, заңнаманың адамның ұзақмерзімді пайдасына жұмыс істейтін етіп өзгертуге тырысамыз» - деді Сума Чакрабарти.