09:29, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Суматра аралдарында екі рет жер сілкінді
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Үнді мұхитында, Суматра аралдарының жағалауында 5,4 және 5,8 балдық екі жер сілкінісі болды,

деп хабарлады РБК агенттігі.
Дүмпулерді АҚШ геологиялық қызметі тіркеді. 5,8 балдық алғашқы жер сілкінісінің кіндігі Бенгкулу қаласының оңтүстік-шығысына қарай 137 шақырым жерде, 27 шақырым тереңдікте орналасса, 5,4 балдық екінші дүмпудің кіндігі де сол маңда, мұхит астында 35,5 шақырым тереңдікте болған.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі туралы ескерту жасалған жоқ.