Сумен жабдықтау қызметіне тарифтер қаңтарда 3 өңірде 97 пайызға дейін өзгерді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Сумен жабдықтау қызметіне орташа тарифтер қаңтар айында 3 өңірде 16,7%-дан 97%- ға дейін өзгерді.

Сумен жабдықтау қызметіне тарифтер қаңтарда 3 өңірде 97 пайызға дейін өзгерді

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Оның айтуынша, кәріз қызметтерінің тарифтері қаңтарда 3 өңірде 51%-дан 57%-ға дейін өзгерген.

«Сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне тарифтер өсуінің негізгі себептері - электр энергиясына бағаның көтерілуі. Себебі, ол өзіндік құнда 30%-ды құрайды. Сонымен қатар химиялық реагенттер, материалдар құнының өсуі, жөндеу жұмысы шығынының әсері болып отыр»,-деді агенттік басшысы.

Бұдан басқа тарифке сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру әсер ықпал етеді.