Сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі жетіле түседі - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталған заң жобасы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. «Бұл ретте Су кодексіне елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды нақтылайтын жаңа ұғымдар енгізіледі. Су заңнамасындағы су бұру және сумен жабдықтау саласының құқықтық қатынастарына қатысушылар мүдделерінің балансын қамтамасыз ету бөлігіндегі мақсаттар нақтыланады. Бұдан бөлек, энергия және су үнемдеу технологияларын дамытуға басымдық беру үшін шарттар қарастырылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, құжат бойынша елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелерін ұйымдастыру мәселелері реттеледі. Ауыз сумен жабдықтау мен кәріздер, олардың құрамдас бөліктерін иесіз, қараусыз санатқа жатқызу тәртібі айқындалып, олар есепке алынады. Ал Су кодексінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады.

Бұдан бөлек, заң жобасында энергия мен суды үнемдеу, ауыз суды тиімді пайдалану талаптарын негізге ала отырып, суды коммерциялық есептеу аспаптарын міндетті түрде орнатуға қатысты нақтылайтын нормалар енгізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар