Сүндет Байғожин Самарқандтағы музыка фестивалінде өнер көрсетті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Самарқандта «Шарк тароналари» (Шығыс әуендері) он бірінші халықаралық этнографиялық музыка фестивалі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
None
None

Фестивальдің салтанатты бөлімін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ашты. «Әлемде қарулы қақтығыстар мен текетірестер өршіп тұрған қазіргі күрделі кезеңде музыкалық өнерге баса назар аударылып, оның рөлі күшейтілуде. Ол ешқандай аудармашысыз түрлі ұлт, тіл және дін өкілдерін біріктіріп, миллиондаған адамдардың достастығын, ынтымақтастығын және татулығын одан әрі нығайтуда. Осы тұрғыда аталмыш музыкалық фестиваль үлкен маңызға ие, себебі ол осындай айтулы жылы - құрылғанына 20 жыл толған кезде өткізіліп отыр», - деп атап өтті Ш. Мирзиёев.

Биыл музыкалық мерекеге 58 елден 241 қатысушы келді. Қазақстандық тараптан фестивальде «Астана Опера» театрының солисі Сүндет Байғожин Ескендір Хасанғалиевтің «Сағындым сені» әнін орындап, өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, Самарқандта мереке аясында ұлттық киімдер, аспаптар, сондай-ақ жергілікті қолөнершілер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар