Сүңгуір Байкал түбінде үш жыл жатқан фотоаппаратты иесіне қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік дайвер Алексей Васьков Байкал түбінен фотоаппарат тауып алды және оны жоғалтқан жанұяны тапты. Үш жылдан кейін камера өз иелеріне қайтарылды, деп жазды «Комсомольская правда Иркутск».
Көлдің тереңіне сүңгіген иркутскілік сүңгуір Байкал түбінен балдыр басқан фотоаппаратты тауып алды. Аппараттың қосылмады алайда флеш-картасы әлі де іске жарамды екен.
Сүңгуір жадыны телефонға салып, мақтау қағазын алған кішкентай қыздың фотосын тапқан. Мақтау қағазында жазылған есім мен ауыл аты анық оқылған. Таныстарына хабарласып, фотоаппаратын жоғалтқан жанұямен байланыс орнатқан.
Фотоаппаратты жолғалтқандар Байкалға демалуға барған және жергілікті балықшылар оларды қайықпен қыдыртқан. Қайықтағы серуен кезінде фотоаппарат отағасының қолынан суға түсіп кеткен болып шықты.