Сүңгуір камерасының көмегімен акуладан аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Энсенада қаласы маңындағы жағалауда сүңгуір өзіне шабуыл жасаған акуланы камерасымен үркіте алды. Бұл оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланды.
Сүңгуір түсірген кадрлардан ірі акуланың алдымен жақын маңда жүзіп жүргені, бірақ адамды көргеннен соң күрт бұрылып, оған қарай жылдам ұмтылғаны көрінеді.
Видео авторы қорғануы үшін камераны қашан ол кеткенше жыртқыштың тап мұрнына тақап ұстағанын айтады. Оның пікірінше, осының арқасында аман қалған.
Ақ акулалар Жер бетіндегі ең ірі жыртқыш балықтардың бірі. Әдетте олар көбінесе ұсақ жан-жануарлармен қоректенеді және адамдарға сирек шабуыл жасайды.