18:22, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Сүңгуірлер Челябінің Шұбаркөл көлінен метеориттің бөлшектерін таппады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Сүңгуірлер Челябі облысының Шұбаркөл көліне құлаған метеориттің бөлшектерін таппады.

Бұл туралы ТЖМ өңірлік басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұған дейін, метеорит дәл сол жерге құлап, ойық қалдырды деп есептелді. Атап айтқанда, мұны Челябі облысының губернаторы Михаил Юрьевич айтқан болатын, деп хабарлады РБК.
Айта кетейік, ТЖМ басшысы Владимир Пучков метеорит үш нүктеге құлауы мүмкіндігі туралы мәлімдеді, Шұбаркөл тек болжам болып табылады.
Бұған дейін хабарланғандай, ТЖМ қызметкерлері жағадан 1,5 шақырым жердегі диаметрі 8 метр ойықтың жанынан тау кесектерін тапты.
Метеорит Челябі облысының аумағына 15 ақпан күні құлады. Жарылыс салдарынан 1200-ге жуық адам зардап шекті. Облыс губернаторының сөзіне қарағанда, келген материалдық шығын 1 млрд. рубльден асады.