Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сұңқар - Арман Оспанов келесі жекпе-жегін Мәскеуде өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік АСВ промоушені қазақстандық ММА жекпе-жегінің шебері Арман Оспанов пен ресейлік Акоп Степаняның келесі кездесуі қашан болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА тілшісі.

Сұңқар - Арман Оспанов келесі жекпе-жегін Мәскеуде өткізеді

Қос мықты 5 мамыр күні Мәскеуде өтетін АСВ86 турнирінде кездеседі.

Айта кетейік, Арман Оспанов (8-2-0) соңғы жекпе-жегінде қазылар шешімімен ресейлік Алексей Полпудниковқа жол берген болатын. Акоп Степанян (25-10-0) соңғы кездесуінде британдық спортшы Эндрю Фишерден жеңілген еді.

ACB62 турнирінде Акоп «Снайпер» Степанян бразилиялық Феллип Крузбен күш сынасқан кезде «Кеш нокауты» авторы атанған.

Осы ретте Арман «Сұңқар» Оспанов та жапон спортшысы Тайчи Накажиманы жеңіп «2017 жылдың нокауты» номинациясына ие болған.