«Сұңқар» арнайы жасағының зейнеткерлері пәтерлерінен қуылмайды - сот шешімі

АСТАНА.  2 тамыз. ҚазАқпарат -  Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы жасағы зейнеткерлерінің аталмыш мемлекеттік мекеме басшылығының заңға қайшы іс-әрекетіне және мекеме басшылығының бұрынғы қызметкерлердің қызметтік пәтерлерді босату жөніндегі талап арызына байланысты азаматтық іс бойынша сот шешімі шықты.

«Сұңқар» арнайы жасағының зейнеткерлері пәтерлерінен қуылмайды - сот шешімі

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының  ағымдағы жылдың 1-і жартыжылдығын қорытындылауға арналған брифинг барысында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, өткен жылдың тамыз айында жасалған ескертуге сәйкес, зейнеткер-офицерлер қызметтік пәтерлерін босатуға тиісті болатын. Пәтер иелерінің баспаналарын ерікті түрде босатуға қарсылық білдіруіне орай «Сұңқар» арнайы жасағы мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді жалдау жөніндегі келісімшарттың күшін жою және оларды пәтерден шығару жөнінде сотқа шағымданған.

«Істі қарау барысында белгілі болғанындай, ІІМ «Сұңқар» арнайы жасағы мемлекеттік мекемесі мен осы жасақтың 12 зейнеткері арасында мекеменің тұрғын үй қоры есебінен қызметтік пәтерді пайдалануға беру жөнінде келісімшарт жасалған. Офицерлердің зейнеткерлікке шығуына байланысты оларға пәтерді босату туралы ескерту де жасалған. Мекеме басшылығы өздерінің бұл әрекетін еңбек өтілінің аяқталғанымен түсіндіріпті. Алайда, сот арнайы жасақ басшылығының талабын негізсіз деп тапты. Өйткені, бұрынғы қызметкерлер зейнеткерлікке шығуға байланысты жұмыстан босап отыр. Ал заңға сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен ардагерлері басқа баспанамен қамтамасыз етілмей тұрып, қызметтік үйден босатылмауы тиіс», - дейді О. Петерс.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотымен «Сұңқар» арнайы жасағы мемлекеттік мекемесінің 12 зейнеткеріне қатысты талап арызы өзгеріссіз қалдырылып, бұнымен апелляциялық саты да келіскен.