16:35, 18 Қазан 2012 | GMT +5
«Сұңқар» ойыншылары жаттығуға шығудан бас тартты
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Сұңқардың» ойыншылары жалақылары бойынша қарыздар өтелмейінше жаттығуға шығудан бас тартуда.
«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, кеше футболшылар клуб басшылығымен кездесуді талап етті. Өтініштері орындалмаған соң жаттығу өткізілмеді. Оның бастамашысы кім болғаны әзірше белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қаскелеңдіктер премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғының алдындағы орында тұр және маусым қорытындысы бойынша жағдай өзгермесе, олар екінші дивизионға жіберіледі.