Super Bol ойыншылары Премьер-Лига командаларына шақырту алды
Жобаның хедлайнерлері ардагер футболшылар Давид Лория және Самат Смаков болды. Кастингтерге барлығы 6000-нан астам қатысушы өтінім берді, олардың тек 132-сі ғана Алматыдағы финалдық сынаққа іріктелді.
Жоба хедлайнерлерінің айтуынша, Super bol тоғыстырған 25 финалистің түрлі тағдыры бар. Әрқайсысы да шарболаттай шынығып, шиыршық атып тұрған шын мықтылар.
Жобаның финалдық матчы 20 тамызда Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтті. Оған еуропалық, азиялық және қазақстандық клубтардың скауттары келді.
«Бұл жобадан белсенділердің, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттік қолдауын көруге болады. Бұл - жастаға арналған әлеуметтік лифт. Super bol ұраны - «Жаңа Қазақстан». Бұл - жаңару, жаңа мүмкіндіктер мен әділеттілік кезеңі. Біздің Президент жастар мемлекетіміздің басты құндылығы екенін әрдайым атап өтеді», - деді министр Асқар Омаров.
Super bol Қазақстан Бірінші лигасының кәсіби клубы FC Jenisпен ойнады. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі пенальти сериясында SuperBol сұрмергендері мүлт кетпей, жеңіске жетті.
Ұпайы жоғары ұландарды тағы бір жағымды жаңалық күтіп тұр, жас футболшылар кәсіби клубтармен келісімшартқа қол қойды.
Мәселен шабуылшы Дунайбек Аянхан «Мақтааралдан» шақырту алды, Әлібек Жардемовтың қолында туған өлкесі «Ақтөбеден» ұсыныс бар, ал жобаның ең жас қатысушысы 25 жастағы қорғаушы Жақсылық Кенжебаевты Павлодар облысындағы «Ақсу» клубы шақырып отыр. Бұл тізім толығатын секілді, себебі ұландарды басқа да скауттар қарап, бақылап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жоба «Дара» қоры, Freedom Broker инвестициялық компаниясы және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылды.