Супермаркеттер желісі Рамазанға орай сыйлық жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Лондон, Манчестер, Брэдфорд және Бирмингем қалаларындағы 20-ға жуық мешітке қасиетті Рамазан айына орай елдегі ірі супермаркеттер желісі сыйлық жасап отыр, деп хабарлады. Muslim.kz.
None
None

«Tesco» деп аталатын компания құлшылық ордаларына жалпы бағасы 30 мың долларды құрайтын азық-түлік қорын таратып берген. Ауызашар дастарханын дайындауға қажетті ұн, күріш, күнбағыс майы және басқа азық-түлік түрлерін беріп отырмыз дейді компания өкілі.

«Рамазан - барша мұсылмандар үшін қасиетті ай. Ал, біздің келушілер мен достарымыздың қаншамасы мұсылмандықты ұстанады. Сондықтан да біз жыл сайын Рамазан кезінде азық-түлік тағамдары мен дайын тамақтардың бағасын өзіміздің 300 супермаркетімізде төмен бағамен сатамыз. Ал, биылғы жылы тек жеңілдікпен шектелмей, мешіттерге көмектесуді ұйғарып отырмыз», - дейді компания менеджері Мэтт Клар. 

 

 
Соңғы жаңалықтар