18:16, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Сұрапыл дауыл Бангладеш жағалауына жақындап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні елге жетуі мүмкін Комен циклоны салдарынан Бангладештің жағалаудағы аудандарынан 60 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды.

Дауыл бірнеше күн бұрын Бенгаль шығанағында қалыптаса бастаған. Ол өз жолында Сен-Мартен аралында шамамен 150 балықшының лашығын қиратып кетті. Салдарынан үш адам қаза тапты.
"Сұрапыл дауыл солтүстік батыс бағытында жылжып келеді. Ол бүгін күндіз жағалауға жетеді деген болжам бар, - деді жергілікті полиция басшысы Атаур Рахман.