Сұрапыл дауыл Қытай халқын әбігерге салуда

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы осымен 23-ші тайфунының алғашқы соққысын Қытайдың оңтүстік-батыс провинциясы көрді. Аса қауіпті «Фитоу» дауылының салдарынан елде төтенше жағдай жарияланды.
None
None

Халықты жаппай қауіпсіз жерге көшіру жүргізіліп жатыр. Толқындардың биіктігі бес метрге дейін жетеді, синоптиктердің болжамынша алдағы уақытта олар 10 метрге дейін жетуі мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлағандай, Қытай билік өкілдері 417 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді. Осыған дейін табиғи апат Жапонияның Окинава перфектурасына жеткен болатын. Онда 14 мың отбасы жарықсыз қалды. 5 адам жарақаттанды. Бүгін апаттан зардап шеккен аудандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жапонияда тайфунға байланысты 350 әуе рейсі тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар