Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар ел қоржынына екі медаль қосты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңіл атлетикадан ел намысын қорғаған қазақстандық Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан үшін жеңіл атлетикадан алғашқы медаль.
Ерлер арасында таевондодан өткен сында қазақстандық Виктор Фрундин +80 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында таевондошы Аида Мақатова 67 кг салмақта сынға түсіп, үздік бестіктен көрінді.
Жазғы Сурдлимпиада ойындары Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтуде. Оған әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.