Сурдлимпиадаға Қазақстаннан 26 спортшы аттанады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама Түркияға 29 ақпан күні аттанады. Спортшылар тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал, керлинг бойынша сайысқа түседі.

сурдлимпиада
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

XX қысқы Сурдлимпиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында өтеді. 

Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады. 

сурдлимпиада
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 комплект медаль ойнатылады.

Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы қатысады.

Қазақстандық спортшыларға дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының міндетін атқарушы Ержан Есімханұлы сәттілік тіледі. 

сурдлимпиада
Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

«Көк байрағымызды желбіретіп, халықаралық жарыста өнер көрсету — әр спортшы үшін теңдесі жоқ мүмкіндік. Осы сәтке жету үшін сіздер көп еңбек етіп, талай белесті бағындырдыңыздар. Жарысқа дайындалу мақсатында 6 республикалық жарыстан және 9 оқу-жаттығу жиындарын өттіңіздер. Ендігі жарыста лайықты өнер көрсетіп, өз біліктіліктерінді барынша көрсету өз қолдарынызда. Біз сіздерге сенеміз», — деді Ержан Есімханұлы.

Соңғы жаңалықтар