Суретші Ә. Қастеевтің қызы әкесінің туындысы ретінде таныстырылған 50-ге жуық картинаның түпнұсқа еместігін анықтады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық суретші Әбілхан Қастеевтің қызы әкесінің туындылары ретінде таныстырылған 46 картинаның барлығы түпнұсқа еместігін анықтады. Бұл туралы суретшінің туысы Tengrinews.kz тілшісіне өзі айтып берді.
None
None

Оның ойынша, Қастеев атындағы Өнер мұражайына қойылған барлық күмәнді картиналар - жеке коллекциядан алынған. «Бір коллекция жинаушы картиналарды мұражайға ұсынған, ал мұражайдың сарапшылары картиналардың түпнұсқалығына күмән келтіріп, меннен көмек сұрады. 46 жұмыстың барлығы жалған болып шықты! Олардың арасынан әкемнің бірде-бір жұмысы табылмады. Мен қарадым да, олар нақты оның жұмыстары емес екендігін айттым», - деп мәлімдеді Гүлдария Қастеева.

Оның айтуынша, бұл, шебердің картиналарын көшіріп жасаудың бірінші оқиғасы емес. 2011 жылы Өнер мұражайының көрмелер дирекциясында жеке коллекционерлердің көрмесі ұйымдастырылған еді. Солардың арасында сарапшылар түпнұсқа емес деп танығанына қарамастан - Қастеевтің картиналары да болды.  Суретшінің қызы көрмеге барғанда, оның пікірінше, онда көшіріп жасалған тағы 10 картина тұрды.

Енді Қастеевтің мұрагері құқық қорғау органдарына шағымданып, әкесінің картиналарын кім және не үшін көшіріп жатқандығын анықтамақшы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум