Суретші Армат Бектасовтың жеке көрмесі өтеді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - 18 қараша күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында қылқалам шебері Армат Бектасовтың «Язык линий - язык единства» атты жеке көрмесі өтеді.
None
None

Армат Бектасовтың «Великий путь линий» атты бірінші жеке көрмесі 1996 жылы «Бейне» галереясында өткізілді. Суретшінің маңызды іс-шараларының бірі ретінде ҚР Тұңғыш Президенті қорында ағымдағы жылы ұйымдастырылған «Жаңа мәнер» көрмесін атауға болады. Бұл көрме «Шабыт» ұлттық университетінде «Өнердегі Тәуелсіздік идеясы. Тарих және жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы кезінде Астана қаласының тұрғындарының назарына ұсынылды.

Ал 18 қараша күні Тәуелсіздік сарайында суретшінің жаңа туындылары - фотоинсталляциялар, мүсіндер, реализм мен жаңа мәнерде бейнеленген шығармаларын тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, А.Бектасовтың ізбасарлары «Шабыт» өнер университеті студенттерінің шығармашылық жұмыстары да экспозицияда орын алады.

Соңғы жаңалықтар