00:58, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Суретші Герхард Рихтердің картинасы 34 млн долларға сатылды
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Музыкант Эрик Клэптонның меншігінде болған неміс суретшісі Герхард Рихтердің «Абстактылы картина» атты туындысы Sotheby's бәссаудасында 34,2 млн долларға сатылды.
Бұл бүгінгі күнгі суретшілердің ішіндегі жаңа рекорд болып отыр.
Аталмыш сурет 1994 жылы салынған. Ал Клэптон оны 2001 жылы небәрі 3,4 млн долларға сатып алған. Әзірге бұл шығармаға қаржысын аямаған ақшалы жанның есімі беймәлім болып отыр.