Суретші Модильянидің соңғы жұмыстарының бірі Парижде 6,5 млн. еуроға сатылды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Танымал итальяндық суретші Амедео Модильянидің картинасы сәрсенбі күн кешке Парижде 6,5 млн. еуроға сатылды.

Суретші  Модильянидің соңғы жұмыстарының бірі Парижде 6,5 млн. еуроға сатылды

Бұл туралы Sotheby'sбәссауда үйінен хабарлады.

Сатылған картинаны Амедео Модильяни 1919 жылы шығармашылығының соңғы кезеңінде салған. Және ол ақырғы жұмыстарының бірі ретінде саналады. Кенепте сурет салу атақты суретшіге тән өзіндік қасиет. Портретте оның жақын достарының бірі, меценат Роже Дютийёль бейнеленген.