Суретші Уорхолдың «Орағы мен балғасы» бәссаудада 383 мың долларға сатылды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық суретші Энди Уорхолдың «Орақ пен балға» атты шығармасы Лондондағы Phillips бәссауда үйінде өткен саудада 383 мың АҚШ долларына сатылды.
None
None

Ең қымбат тұратын лоттардың бірі - британдық суретші Сесиль Браунның «Эдемнен Шығысқа қарай» атты 1999 жылғы туындысы 1 млн. 122 мың долларға сатылды. Картина Виллем де Кунинг эстетикасының ықпалымен орындалды.

Бұдан бөлек, бәссаудада Марк Куинн, Жан Дюбюффе, Роб Прюитт, Герхард Рихтер және Джулиан Шнабель сияқты танымал заманауи суретшілердің жұмыстары да ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар