Суррогат ана Криштиану Роналдудың егіздерін көтеріп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының танымал футболисі Криштиану Роналду жақын күндері тағы әке атанады, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

АҚШ-та тұратын суррогат ана оның егіз балаларын көтеріп жүр. Жақын күндері ол босануы тиіс, деп хабарлайды The Sun басылымы португалдықтың отбасына жақын адамға сілтеме жасап.

«Криштиану балаларын асыға күтіп жүр. Ол өзінің жеке өмірін жасыруға тырысуда, бірақ жақын достары мен туыстарына таяу уақытта егіздердің өмірге келетінін айтты», - деді дереккөз.

32 жастағы Роналдудың алты жасар ұлы бар. Бұл баланы да суррогат ана дүниеге әкелді. 

Соңғы жаңалықтар