Сусабын арасынан әсері өте күшті анальгетик табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бойында иесіз жатқан «Трамадол Ланнахер» дәрі-дәрмектері табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Барлығы 20 дана болатын дәрілерді «Сарыағаш теміржолы» бекетінің шекарашылары анықтады. Әсері өте күшті анальгетик халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырылған екен. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдарының қызметкерлері хабарландырылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.