Сусамырдың алдын алуға жәрдемдесетін жаңғақ түрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пісте (фисташки) сусамырдың алдын алады, дейді испандық университет ғалымдары Ровира мен Вирхили. Пісте 2-дәрежелі сусамырдың даму сатысында тұрғандарға ерекше пайдалы құнды, қанықпаған майға бай.

Сусамырдың алдын алуға жәрдемдесетін жаңғақ түрі

Зерттеу барысында сусамырмен ауыратын 54 адам сегіз ай жерортатеңізі диетасын ұстады, деп хабарлады Kedem. Олар бір мөлшеде нәрлі тағам мен күніне 57 г пісте (60-қа жуық жаңғақ) жеген.

Нәтиже қатысушылардың салмағы өзгермегенін көрсетті, ал мәзірде пістенің болуы өз жемісін берді: қанда қанттың және инсулин гормонының деңгейі төмендеген.

Пістенің құрамында бар нәрлі заттардың (қанықпаған май, антиоксидтант пен каротиноидтер) көптігі қантты жеңіл өңдеуге жәрдемдеседі, дейді ғалымдар.