Сүт бүкіл әлемдегі көптеген тұтынушылар үшін әлі күнге дейін негізгі тағам болып келеді - «Тетра Пак» компаниясының есебі

АЛМАТЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматыда «Тетра Пак» компаниясы сүт нарығындағы ғаламдық ағым туралы талдамалық шолуын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Сүт бүкіл әлемдегі көптеген тұтынушылар үшін әлі күнге дейін негізгі тағам болып келеді. Экономикалық-географиялық және әлеуметтік жағынан әр түрлі барлық елдер де сүтті барлық жастағы адамдар ішетін пайдалы тағам ретінде қарайды. Сондықтан әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысқа қарамастан сүттің тұтыну мөлшерінің өсуі одан әрі жалғасуда», дейді «Тетра Пак» компаниясының маркетинг бөлімінің директоры Динара Тәтіғұлова. Талдамалы шолуда демографиялық ахуалдағы өзгеріс сүт өнеркәсібіне де өз әсерін тигізбей қоймайтыны айқын аңғарылады. Халықтың ірі қалаларға шоғырлануы тұтынушылардың өмір салтын да өзгертуде.

Соңғы жаңалықтар