Сүт ми жұмысын жақсартады - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүттің бұлшықетке пайдалы, сондай-ақ сүйекті қатайтатыны бұрыннан белгілі. Ал Канзас Университетіндегі медицина орталығының мамандары сүттің ми қызметін жақсартатындығын анықтады. Сүт ішу арқылы адам миындағы мықты антиоксидант - глутатион деңгейі жоғарылайтын көрінеді.

Сүт ми жұмысын жақсартады - ғалымдар

Мамандар зерттеуге 60 адамды қатыстырды. Олардың олардың соңғы күндердегі тамақ рациондарын сұрастырып, глутатион деңгейін анықтау үшін бас миын сканерден өткізген.

Нәтижесінде соңғы уақыттарда көп сүт ішкен адамдардың миында глутатион деңгейі жоғары болды. Ал бұл антиоксидант ми қызметі үшін өте керек.

Мамандар тәулігіне кем дегенде үш стақан сүт ішіп жүруге кеңес береді, деп жазады шетелдік БАҚ.