Сүт өндірісінде қай өңір алда? Жаңа статистика шықты

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді.

Сүт өндірісінде қай өңір алда? Жаңа статистика шықты
Фото: ҰСБ

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артық (440,5 мың тонна).

— Осы кезеңде өндірістің ең жоғары көлемі Солтүстік Қазақстан облысында (120,8 мың тонна), Ақмола (96,2 мың тонна), Алматы (64,7 мың тонна) және Қостанай (43,0 мың тонна) облыстарында тіркелді, — делінген ресми ақпаратта.

Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 671,0 мың тонна өңделген сүт өндірілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға жоғары (2,8 мың тонна). Экспорттың негізгі бағыттары Ресей (2,24 мың тонна), Өзбекстан (307,9 тонна) және Тәжікстан (194,0 тонна) болды.

Осыдан бұрын ғалымдар сүт және өсімдік майларынан жаңа өнім жасағанын жазғанбыз.