Су тасқыны кезінде жолдарды аман сақтап қалуға болар еді — Бектенов

бектенов
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарап, нормативтерді жаңартуды тапсырды.

«Су тасқыны кезеңі қазіргі қолданыстағы жолдарда міндетті түрде су өткізу құрылыстарының болуы қажеттігін көрсетті. Қаншама жолдар шайылып кетті. Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салынғанда, жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болатын еді», — деді Министрлер кабинетінің басшысы Үкімет отырысында. 

Осыған байланысты Премьер Көлік министрлігі қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарауы керегін айтты. 

«Сондай-ақ, жергілікті гидрогеологиялық жағдайды, жаңа технологияларды енгізуді және жобалық шешімдерді цифландыруды ескере отырып, жаңа жол-құрылыстарын жобалау кезінде нормативтерді жаңарту қажет», — деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар