Суық ауа райы мен қалың қар Ұлыбритания халқын әбіржітіп тастады

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Қалың жауған қар мен ауа райының күрт суытуы Ұлыбританиядағы көлік жүйесінің жұмысын қиындатып,
None
None

әуежайлар мен көптеген жолдардың жабылуына соқтырды. Елде жүздеген мектеп жабылды, деп хабарлайды "Скай-ньюс" телеарнасы.

Бүгін таңертең жабылған Манчестер мен Ливерпуль әуежайлары өз жұмыстарын қайта жандандырды, бірақ ондағы жағдай әлі де болса күрделі, себебі ондаған рейстер тоқтатылған немесе кейінге ысырылған. Жайсыз ауа райы Лондон, Глазно, басқа да бірқатар қалалардың әуежайларының жұмыстарына теріс әсерін тигізуде.

Оған қоса, Ұлыбритания елордасы мен Лидс қаласы арасындағы теміржол қатынасы да тоқтатылды. Шеффилд пен Барнсли қалаларында автобус қозғалыстары толық тоқтады. Британия жолдарында әр сағат сайын ең аз дегенде 1,4 мыңдай жол-көлік оқиғалары орын алуда.

Біріккен Корольдіктің солтүстігіндегі жағдай да өте күрделі, ондағы жолдарды қардан тазартуға 500-ге жуық техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар