Свен Алкалай: Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі қызметін тоқтатпайтынына сенемін
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық комиссиясының атқарушы хатшысы Свен Алкалай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай, жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына бақытты, өскелең және бейбіт болашақ тілеймін!
Мен және БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясындағы әріптестерім алдағы уақытта біздің ұйым мен Қазақстан арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастықты барлық аймақтың игілігіне дамытуға бар күшін салады. Сіздің тиімді басшылық етуіңіздің арқасында Қазақстан Орталық Азия аймағындағы елдердің дамуында өзінің беделді мәртебесін сақтап, Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде байланысын тоқтатпайтынына сенемін», - делінген құттықтауда.